×

Бишімбаев ісі: ресейлік сарапшы берген қорытынды іс материалдарына қосылмайтын болды

Астанада экс-министр мен оның туысына қатысты сот жалғасып жатыр

 Айгерім Таубай 17.04.2024 | 10:35
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. 17 сәуірде өткен сот отырсында судья Айжан Құлбаева қорғау тарапының өтінішін қабылдамады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұған дейінгі сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары марқұм Салтанат Нүкенованың неден қайтыс болғанына қатысты ресейлік сарапшылар берген қорытындыны іс материалдарына қосуды сұрады. 16 сәуірде адвокат Назкен Құсайынова сарапшының қорытындысын оқыды.

Судья құжат болжамға негізделгенін айтып өтті.

Мамандардың тұжырымы мәйітті зерттеу кезінде объективті түрде анықталған сараптама қорытындысына қайшы келеді. Ол сараптамада 3-4 апталық субдуральды гематома тек микроскопиялық сипатқа ие екені көрсетілген және ол Нүкенова алған бас-ми жарақатына әсер ете алмайды, - деді судья Құлбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаевтың анасы әрі қоғамдық қорғаушысы Альмира Нұрлыбекова ұлына өзін толық қорғауға мүмкіндік беруді сұрады.

Мен заңгер емеспін, кей жерінде қате айтуым да мүмкін. Алайда сіз (сот – ред.) мәскеулік мамандардың қорытындысын қабылдамасаңыз, менің ұлымның конституциялық құқығы – өзін қорғау үшін дәлелдер келтіре алу құқығы шектеледі. Мұны ана ретінде шын жүректен айтып отырмын, - деді Бишімбаевтың анасы.

9 сәуірдегі сот отырысына Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров қатысты

Сарапшы манекеннің басына қызыл және көк түсті қаламмен бірнеше жарақаттың орнын салды. Олар марқұмның басындағы жарақат пен қанталауды көрсетеді.

Барлығы белгіленген. Бәрі бірге бас жарақаты саналады. Оған бас та, бас сүйегі де кіреді. Көк түспен қанталау, қызыл түспен жарақат белгіленген. Сарапшы қорытындысында бас-ми жарақатының құрамдас бөліктерін көрсету арқылы сот-медициналық диагноз қойылды. Оған қанталау, жарақаттың бәрі кірді. Барлық зақым мидың зақымдалуына әкелетін сыртқы әрекет ретінде қарастырылады. Сондықтан бастапқы сараптама қорытындысындағы судбуральды гематома түріндегі сыртқы және бас сүйек ішіндегі барлық зақымдану – қатты қабық пен ми арасында қан кету. Жұмсақ қабықтың астына қан кету мишықта, мидың бағаналы бөлігінде анықталды. Мұның бәрін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды, яғни осы жарақаттың барлығы өлімге себеп болған, - сот-медициналық сарапшы.

САЛТАНАТ НҮКЕНОВАНЫҢ ҚАЗАСЫ

2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды. 

Сот басталған кезде сотталушы Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады. Экс-министрдің соттағы жауабын мына жерден оқуға болады.

Бишімбаевтың айтуынша, Салтанат Нүкенова және оның құрбысы үшінеуі «Қазақстан» орталық концерт залына концертке барған. Сол жерде екеуінің арасында жанжал шығып, концерт аяқталмастан шығып кеткен. Артынша BAU мейрамханасына келіп, бірнеше сағат бойы әңгімелескен.

8 сәуірде Астана қаласы көшпелі бригада дәрігері Нұрлан Мұхамбеденов сот залына келіп, тараптардың сұрағына жауап берді.

9 сәуірдегі сот отырысына қылмыстық іс бойынша куәгер Данияр Мейірбеков қатысты. Сол күні Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров қатысты. Сарапшы манекеннің басына қызыл және көк түсті қаламмен бірнеше жарақаттың орнын салып көрсетті.

10 сәуірдегі сот отырысында қылмыстық іс бойынша куәгер Аида Ахмедина қатысты. Прокурор Айжан Аймағанова сот барысында Ахмедина мен марқұм Салтанат Нүкенованың бір-біріне жазған хаттарын оқыды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама