×

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен үй иесіне 370 мың теңге беріледі

Қазір 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басып, 10 мың 345 адам эвакуацияланған

 Дастан Жұмабекұлы 16.04.2024 | 14:55
фото: akorda.kz

Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтұлова су тасқынынан зардап шеккен үй иесіне бір реттік 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, шамамен 370 мың теңге қаржылай көмек берілетінін айтты.

Сондай-ақ ол 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қаржылай көмек туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бізде су тасқынынан немесе қарғын судан зардап шеккен үй иелеріне 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша беріледі деген әңгіме болған жоқ. Адамдарға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек көрсетіледі. Мүмкін басқа қала, аудандардың тұрғындарына 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай қолдау болатын шығар, – деді Әсем Айтұлова.

Бүгінде Петропавлдың өзінде бірнеше аудан орталығы мен баспаналарға су кірген.

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл сапар Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден басталды.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, 6 ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазір 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басып, 10 мың 345 адам эвакуацияланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама