×

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Алты ауданда төтенше жағдай жарияланған

 Динара Амантай 16.04.2024 | 11:31
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралап көруден басталды.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мемлекет басшысына Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар, Есіл, Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайын баяндады. Өңір әкімінің айтуынша, 6 ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазір 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10 мың 345 адам эвакуацияланған.

Су тасқынына қарсы шараларға 5 270 адам және 906 техника жұмылдырылған. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама