×

Қазақстандықтардың барлығының аты елтаңбада жазылған – Жандарбек Мәлібеков

Әрбір белес 100 жыл, 50 жыл деп есептесеңіз, 150 жылға дейінгі бағдарлама тұр

 Еркеғали Болатұлы 02.06.2022 | 09:33
фото: ашық дереккөз

Елтаңбада әрбір қазақстандықтың аты жазылған. Онда өткен тарихымыз да, бүгініміз бен болашағымыз да бейнеленген. Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков елордада өткен «Мемлекеттіліктің рәміздері» атты халықаралық ғылыми конференцияда осылай деді.

Құндылықтарымызды қастерлеуге арналған басқосуда алыс-жақын шет елдің сарапшылары да өз пікірлерін ортаға салды. Жиында алдымен Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің құттықтау хатын оқып берді.

5 мың жыл бұрынғы біздің тарихымыздан бастап, тәуелсіздігімізге дейінгі, тәуелсіздігімізден кейінгі жастар да елтаңбаның ішінде тұр. Қазақстандықтардың барлығының аты елтаңбада жазылған деп айтуға болады.

Елтаңбаның ішінде белес-белестер бар. Әрбір белес 100 жыл, 50 жыл деп есептесеңіз, 150 жылға дейінгі бағдарлама тұр», - деді Жандарбек Мәлібеков.

Ал төл рәміздеріміздің жер жүзіндегі танымалдылығы мен оның ерекшелігін әлемдік сарапшылар баяндады. Бір қуантарлығы, жиында жастардың белсенділігі жоғары болды. Сондықтан ұйымдастырушылар бұл бағыттағы тағылымды шаралар легі жыл бойы жалғасады деп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама