×

Шымкентте тоғыз жыл бұрын кісі өлтірген күдікті қолға түсті (ВИДЕО)

Ер адам үнемі кепка киіп, бет-әлпетін жасыруға тырысып жүрген

 Дастан Жұмабекұлы 15.04.2024 | 16:40
Фото: polisia.kz

Шымкент қаласында учаскелік полицей тоғыз жыл бұрын кісі өлтірген күдіктіні ұстады.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, қылмыс Түркістан облысында 2015 жылдың наурыз айында болған. Арыс қаласының тұрғыны жанжал кезінде 3 адамды атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушілердің бірі алған жарақатынан ауруханада көз жұмған. Сол жылдың сәуір айында ер адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Қауіпті қылмыскерді Еңбекші аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы Сәкен Ақбаев анықтап, тұтқындаған. Ол өзіне тиесілі әкімшілік аумақта үнемі кепка киіп, бет-әлпетін жасыруға тырысып жүретін жігітке назар аударған. Полицей күдіктінің көлік жөндеу орталығына жұмысқа орналасқанын біліп, оның жеке басын анықтады. Тәртіп сақшысы оқиға туралы дереу жедел-тергеу тобына хабарлап, әріптестерімен бірге күліктіні қолға түсірді.

Қазір күдікті қамауда отыр. Ол Арыстың құқық қорғаушыларына тапсырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама