×

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы сотталушыдан қайғылы оқиға болған күн туралы сұрады

Астанада экс-министрге қатысты сот процесі жалғасып жатыр

 Айгерім Таубай 08.04.2024 | 13:55
Фото: Halyq Uni

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сот отырысында Қуандық Бишімбаевқа қылмыстық іс бойынша бірнеше сұрақ қойды, деп хабарлады Halyq Uni.

Айта кетейік, Астана сотында алқабилердің қатысуымен бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі қаралып жатыр. 8 сәуірде сотталушы Бишімбаев жәбірленуші тараптың сұрақтарына жауап беріп жатыр.

Айтбек Амангелді: Салтанат екеуіңіздің таныстығыңызға кім себепші болды?

Қуандық Бишімбаев: Мен

Айтбек Амангелді: Отбасы құруға кім бастамашы болды?

Қуандық Бишімбаев: Әрине, мен

Айтбек Амангелді: Салтанат ұсынысты не себепті қабылдады деп ойлайсыз?

Қуандық Бишімбаев: Ол да ғашық болғанын айтты

Айтбек Амангелді: Сіз сендіңіз бе?

Қуандық Бишімбаев: Иә

Айтбек Амангелді: Салтанатқа қалай қарадыңыз?

Қуандық Бишімбаев: Жақсы көрдім

Айтбек Амангелді: Физикалық түрде Салтанаттың денесі қазір қайда екенін білесіз бе?

Қуандық Бишімбаев: Павлодар қаласында

Айтбек Амангелді: Нақты қай жерде?

Қуандық Бишімбаев: Оны білмеймін

Айтбек Амангелді: Салтанаттың мәйіті топырақтың астында... Екеуіңіз екі рет неке қидырдыңыздар, дұрыс па?

Қуандық Бишімбаев: Иә

Айтбек Амангелді: Екі жағдайда да бір мешітке бардыңыздар ма?

Қуандық Бишімбаев: Иә

Айтбек Амангелді: Екі жағдайда да бір имам болды ма?

Қуандық Бишімбаев: Иә

Айтбек Амангелді: Некені заңдастыратын құжат жоқ екеніне қарамастан, қалай неке қидырдыңыздар?

Қуандық Бишімбаев: Біріншісінде некені заңдастырғымыз келді. Заңды түрде тіркелетінімізді біліп, неке қиды

Айтбек Амангелді: Екінші жағдайда қалай болды?

Қуандық Бишімбаев: Олар бізді тіркелді деп ойлаған болуы керек

Айтбек Амангелді: Олардың тарапынан құжат сұрады ма?

Қуандық Бишімбаев: Жеке менен ешкім сұраған жоқ

Айтбек Амангелді: Некені тіркеу үшін имамға қандай да бір жолмен ықпал еттіңіз бе?

Қуандық Бишімбаев: Имамды екі рет қана көрдім, жеке таныс емеспін

Айтбек Амангелді: Салтанатқа сәуірді ұсыныс жасадыңыз ба? Ол не деп жауап берді?

Қуандық Бишімбаев: Иә, «бұл шынайы емес, оны сабырға шақыру үшін жасап жатырсың» деп айтты. Оның себебін түсіндім

Айтбек Амангелді: Солай ойлауға негіз болды ма?

Қуандық Бишімбаев: Иә, «егер сен үшін маңызды болса, сенің көңілің жай болуы үшін барып некені заңдастырайық» деп айттым

Айтбек Амангелді: Ол не деп жауап берді?

Қуандық Бишімбаев: «Шын көңілден істеп жатқан жоқсың, тек менің көңілім жай болғанын қалап тұрсың» деді

Айтбек Амангелді: Сәйкесінше, сіздің бастамаңызды қолдаған жоқ?

Қуандық Бишімбаев: Иә

Айтбек Амангелді: Сол сәтте сізді жақсы көрмейді немесе кеудеңізден итеріп жатыр деп санадыңыз ба?

Қуандық Бишімбаев: Жоқ

Айтбек Амангелді: 8-9 қарашада болған жағдайлар... Салтанат жылады ма?

Қуандық Бишімбаев: Жоқ

Айтбек Амангелді: Демек, ол сол жағдайда мүлде жылаған жоқ па?

Қуандық Бишімбаев: 8-9 қарашада жылаған жоқ

Айтбек Амангелді: Салтанат өзіне тиген соққыдан басын, денесін қорғады ма? Қорғанды ма?

Қуандық Бишімбаев: Иә, ол бұрылуға тырысты

Айтбек Амангелді: Бетін қолымен жауып қорғанды ма?

Қуандық Бишімбаев: Есімде жоқ

Айтбек Амангелді: Сіздің ойыңызша, адам соққыдан қорғанып, бұрылғаны нені білдіреді? Оны әрі қарай ұру қажет дегенді білдіре ме?

Қуандық Бишімбаев: Нені білдіретінін айту қиын...

Айтбек Амангелді: 9 қарашада Салтанат «иә, менің қалауым сол» деп айтқанын жеткіздіңіз. Қандай сұрақ қойылды?

Қуандық Бишімбаев: «Сол сәттегі жағдайымызға жеткізгің келді ме?» деп сұрадым. Мен жейдесіз... Мен теріс қараған кезде «иә, менің қалауым сол» деп айғайлап, боқтай бастады

Айтбек Амангелді: Сіз не сезіндіңіз?

Қуандық Бишімбаев: Ашуландым

Айтбек Амангелді: «Иә, менің қалауым сол» деген сөзге ме?

Қуандық Бишімбаев: Боқтағанына

Айтбек Амангелді: Ал сол сөзіне ше? Бұл сөз қандай әрекет тудырды?

Қуандық Бишімбаев: Содан кейін айтқан боқтық сөздері негативті әсер қалдырды

Айтбек Амангелді: Салтанат сол кеште сізден кететінін айтты ма?

Қуандық Бишімбаев: Мұндай жағдай болған жоқ, ол сіздің үйіңізге барып қонғысы келетінін айтты

Айтбек Амангелді: Сол түні Салтанат ғимараттан кеткісі келетінін айтты. Ол неге кетпеді? Ол ерікті түрде кетпеді ме?

Қуандық Бишімбаев: Иә, екі ойлы болды. Кететінін не қалатынын білмеді

Айтбек Амангелді: Онда неге маған хабарласты?

Қуандық Бишімбаев: Ол хабарласып, екі ойлы болуы мүмкін

Айтбек Амангелді: Сіз оның кеткенін қаладыңыз ба, қалғанын ба?

Қуандық Бишімбаев: Қалғанын қаладым. Қарым-қатынасты үзілгенін қаламадым

Айтбек Амангелді: Бұл сіздің қалауыңыз ба? Ол сізден кеткісі келді, сіз оны көндіріп тоқтаттыңыз, дұрыс па?

Қуандық Бишімбаев: Иә

Айтбек Амангелді: Далаға шығып, кеткісі келген кезде такси шақырды ма?

Қуандық Бишімбаев: Білмеймін, көрген жоқпын. Такси шақырған-шақырмағанын білмеймін

Айтбек Амангелді: Маған хабарласқаны сол сәтте сізді ашуландырды ма?

Қуандық Бишімбаев: Жоқ. Өкініш болды

Айтбек Амангелді: Неден? Сізден кеткен сәтте жалғыз қалатыныңыз ба?

Қуандық Бишімбаев: Бәрі біздің қарым-қатынасымыздың бұзылуына әкелді. Оның соны қайталап жатқаны өкінішті болды

Айтбек Амангелді: Неке заңды түрде тіркелмегендіктен, бұзатын да ештеңе жоқ еді. Ол сізден түнімен кеткісі келді, сіз неге бірден үйіңізге немесе басқа жерге кетіп қалмадыңыз?

Қуандық Бишімбаев: Себебі ол тамбурға кірді, мен тек оның соңынан жүріп отырдым

Айтбек Амангелді: Әрі қарай сіздер 2-қабатқа көтерілдіңіздер. Алғашқы зорлық әрекеті қандай болды? Бірінші соққыны қалай жасадыңыз? Әрекетіңізге қай уақытта жауап бере алмай қалдыңыз?

Қуандық Бишімбаев: Дәретханада тұрып мені боқтаған кезде есікті ұра бастадым. Сосын дәретхана есігін ұрдым. Бір уақытта есікті ашты. Ол мені боқтай берді

Айтбек Амангелді: Есікті штативпен 25 рет ұрдыңыз ба?

Қуандық Бишімбаев: Нақты есімде жоқ, сараптамада солай көрсетілген

Айтбек Амангелді: Есікті ашқаннан кейін не болды?

Қуандық Бишімбаев: Ол мені боқтай бастады, мен де солай жауап бердім. Бір уақытта екі рет шапалақпен ұрдым

Айтбек Амангелді: Содан кейін қалай ұрдыңыз?

Қуандық Бишімбаев: Басқа соққы болған жоқ. Ол киімін шешіп, маған лақтырды. Сосын шалбарына кірісті

Айтбек Амангелді: Дәлізде неге шашынан сүйреп қайта VIP залға кіргіздіңіз?

Қуандық Бишімбаев: Оны тұрғызғым келді, бірақ ол тұрмады

Айтбек Амангелді: Адамды тұрғызудың басқа тәсілін білмейсіз бе?

Қуандық Бишімбаев: Сол сәтте сондай көңіл күйде болдым

Айтбек Амангелді: Дәлізде ұрып, тепкеніңіз түсірілген. Жалпы қандай мақсатпен шықтыңыздар?

Қуандық Бишімбаев: Ол киінген соң үйге баруымыз керек еді

Айтбек Амангелді: Таңертең оянған сәтте оның түрін керген кезде қорқыныш сезімі болды ма? Сізді не қорқытты?

Қуандық Бишімбаев: Иә, бітінің сол жағының көгеріп кеткені. Оның қалай және қайдан пайда болғанын түсінбедім

Айтбек Амангелді: Одан бөлек өміріне қауіп төніп тұрған деген қорқыныш болмады ма?

Қуандық Бишімбаев: Сол сәтте, жоқ. Ол ұйықтап жатыр деп ойладым. Байжанов келген кезде денесін өзі алып жүруге қауқарлы болды

Айтбек Амангелді: Сол сәтте неге бірден паркингке түспедіңіздер?

Қуандық Бишімбаев: Ол оянбады, әлі де мас екен деп ойлап, ұйықтап жатыр деп ойладым

Айтбек Амангелді: Екі жағынан көтерген соң қанша қадам жүрдіңіздер?

Қуандық Бишімбаев: 3-4 қадам

Айтбек Амангелді: Өзі тұрып, жүре алмайтынын көрдіңіз. Неге көтеріп алып шықпадыңыз?

Қуандық Бишімбаев: Адамдардың көзіне ол түрімізден қалай шығамыз...

Айтбек Амангелді: Жедел жәрдемді де сол себепті шақырмадыңыз ба?

Қуандық Бишімбаев: Жағдай осылай болады деп ойламағандықтан шақырмадым, ол ұйықтап жатыр деп ойладым

Сот процесі жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.

Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);

110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).

Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);

434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама