×

«БҰҰ және мен»: Әлемнің ортақ игілігіне үлес қосып жүрген 30 қазақстандықтың хикаясы

Астанада «БҰҰ және мен» (UN & Me) фотокөрмесі өтті

 Ая Өміртай 06.04.2024 | 13:05
Фото: Halyq Uni

Астанада БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңсесі «БҰҰ және мен» (UN & Me) фотокөрмесінде табандылық танытып қана қоймай, жақсылыққа деген сенімі арқылы өмірін өзгерткен тұлғалардың хикасын ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni. 

Студенттерден бастап дәрігерлер мен кәсіпкерлерге, азаматтық қоғам өкілдерінен саясаткерлер мен агрономдарға дейінгі түрлі салаы қамтыған әрбір оқиға адамзат күші мен жаһандық қауымдастықтың ынтымақтастығы маңызын көрсетеді.

 

«БҰҰ және мен» тек Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы ғана емес, бұл сіз бен біз туралы, әлемнің ортақ игілігіне үлес қосып жүрген әрбір адам туралы. Осындай көрмелерді өткізу аса маңызды, әрі адам рухының керемет төзімділігі мен күшін еске салып, бізді әділ және тұрақты әлем құру жолындағы жұмысымызды жалғастыруға шабыттандырады, - деп атап өтті салтанатты жиында сөз алған БҰҰ-ның Қазақстандағы басшысы Микаэла Фриберг-Стори. 

30 жылдан астам уақыт бойы БҰҰ Қазақстандағы түрлі бастамалар мен жобаларға белсенді түрде қолдау көрсетіп, қоғам дамуына және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосып келеді. 

Гендерлік теңдік, денсаулық, адам құқықтарын жақсарту және барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қамтиды. Олай болса Қазақстан қазір әлеуметтік-экономикалық даму жолында үлкен серпіліс барысында. БҰҰ осы жолда Қазақстан халқына, Үкіметіне өзінің қомақты көмегін көрсетіп келеді, - деді БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің Баспасөз және коммуникациялар бойынша кеңесшісі Эльнара Байназарова.

2023 жылы Қазақстан тұрақты даму жолымен одан әрі ілгеріледі, мысалы, көміртегі бейтараптығы стратегиясын, жаңа әлеуметтік кодексті қабылдады, цифрлық технологияларға негізделген қызметтерді инклюзивті ұсынуды жетілдірді, осал топтар үшін әлеуметтік-экономикалық қорғауды жақсарту бойынша шаралар қабылдады. Осы жетістіктерге қол жеткізу үшін БҰҰ саяси кеңес беріп, халықаралық нормалар мен стандарттарды алға тартты және тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету үшін бағдарламаларды нығайтты.

Көрме кейіпкерлерінің қатарында мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қорғаумен айналысатын сенатор Ләззат Қалтаева, БҰҰ қолдауының арқасында дәрігер мамандығына оқып жатқан бұрынғы босқын Ясамин, ата-аналарға, соның ішінде мүгедектігі бар балалы отбасыларға маңызды ақпарат беруді көздейтін Ozim әлеуметтік стартапы арқылы танылған Әсем Тәжиева бар. Соеымен қатар, Құралай Бекенова гендерлік теңдік пен адам құқықтарын жақтайтын Y-PEER қозғалысының бастаушысы болса, ал Эльдар Шибанов «Тау пиязы» сценарийі үшін Венеция кинофестивалінен қаржылай көмек алып, кино саласында айтарлықтай табысқа жетті. Осы мысалдар жобада ұсынылған оқиғалардың аз ғана бөлігі. 

Аталған жобаны іске асыруға Эльнара Байназарова, Бауыржан Сағиев, Жанайдар Мапан, Катя Креер атсалысқан. 

Бұл жобада қатысушылар БҰҰ-ның әр адамның өміріне қалай ықпал еткенін баяндайды. БҰҰ менің өміріме қалай әсер етті? 13 жасымнан бері сән саласымен айналысып, әйел адамдармен жұмыс істедім. Дәл осындай әлеуметтік жобға алғаш рет қатыса отырып, адамның, өмірдің құны туралы, кәсіптің маңызы туралы көбірек білдім, - деп атап өтті көрме авторларының бірі Катя Креер.

Мәселен, «Жеміс» фермасының басшысы Арманжан Жамиев  Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Маловодное ауылының тұрғыны ретінде бау-бақша ісіне, негізінен алма өсіруге ден қояды. Қазақ аграрлық  университетін үздік бітірген ол әкесімен бірге алма бағын жаңғыртып, ғылыми саладан  егіншілікке көшкен.

Инвазиялық зиянкестер мен төтенше экологиялық жағдайлар сияқты қиындықтарға тап  болған Арманжан тұрақты тәжірибе мен ғылыми жетістіктерді қолданысқа енгізді. ФАО  және Өсімдіктерді қорғау мен карантин институтымен, соның ішінде зиянкестермен  кешенді күресу бойынша жұмыс істеу оған елеулі өзгерістерге қол жеткізуге көмектесті.  Осының арқасында пестицидтерді қолдану және өңдеулер саны қысқарып, өнімнің сапасы мен көлемі артқан (50 тонна/га дейін). 

БҰҰ-мен ынтымақтастығымыз бізге көптеген химиялық заттарды қолдануды тоқтатуға  және табиғи тәсілді қолдануға көмектесті», - деген Арманжан ауыл шаруашылығында  айтарлықтай табысқа жетуге мүмкіндік берген қолдау үшін алғысын білдірді.

Оның жолы  ғылым мен тұрақты даму үлгілерін пайдалану күрделі ортада керемет нәтижелерге қол  жеткізу мүмкін екендігіне жарқын мысалы болды.

Ал жасы небәрі 16-ға толған Аиданың өмір жолы таңғажайып батылдық пен  табандылықтың хикаясысына арқау болды. 13 жасында АИТВ диагнозы қойылған Аида көлеңкеде  жасырынбай, өз мәртебесімен ашық өмір сүруді шешкен. Аиданың жолы тек АИТВ мен өмір сүру туралы емес, бұл қиыншылықты қорғанысқа айналдыру туралы хикая.  

Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы АИТВ жұқтырған жасөспірімдерге арналған  бірінші қолдау тобының жаттықтырушысы ретінде Аида қолдау мен түсіністікті  ұсынды. Оның күш-жігері ЮНИСЕФ көрмесінің бет-бейнесі болып, «UNICEF Talks»  шарасында сөз сөйлеген кезде кеңірек аудиторияға ие болды. Осы іс-шаралар  арқылы ол АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың тәжірибесімен бөлісіп, жүріп өткен жолы туралы айтты.

ЮНИСЕФ және серіктестер өмірлік дағдылар мен көшбасшылықты дамыту мақсатында АИТВ жұқтырған 200 жасөспірім үшін арнайы тақырыптық лагерь  ұйымдастырды. 

Аида БҰҰ-ның күш пен білім арасындағы тепе-теңдік идеясына сенеді.  Ол – өзінің жеке тәжірибесінде өмірдегі кедергілерді мүмкіндіктерге айналдыруға болатындығын дәлелдеп жүрген жан. 

БҰҰ бастамалары инклюзивті қоғам құруға бағытталған білім мен денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті кеңейтуден бастап гендерлік теңдік, экономикалық мүмкіндіктер және адам құқықтарын ілгерілетуге дейінгі мәселелердің кең ауқымын қамтиды. 2023 жылы БҰҰ серіктестермен бірлесіп Қазақстанға 33,3 миллион доллар көлемінде қолдау көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама