×

Орал әкімдігі 1,3 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алуды заңсыз ұйымдастырған

Прокуратура 5 конкурстың күшін жойды

 Динара Амантай 06.04.2024 | 11:02
Фото: gov.kz

Биыл Орал қаласы прокуратурасының актісімен жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын орташа жол жөндеу бойынша 5 конкурс өткізілмеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше,бұған демпингке қарсы талаптардың бұзылуы негіз болған. Оған сәйкес орташа жол жөндеу кезінде әлеуетті өнім берушінің бағасы, егер ол техникалық құжаттамада көрсетілген бағадан 5%-дан астам төмен болса, демпингтік баға деп танылады.

Алайда, осыған қарамастан, «Орал қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі» жол жөндеуге сатып алуды ұйымдастыру кезінде демпинг белгісін 20%-ға (заңды 5%-бен) негізсіз өсірді. Бұл әлеуетті жеткізушілерге демпинге қарсы баға ұсыныстарын ұсынуға мүмкіндік беріп, бәсекелестікте жеңіске жетуді қамтамасыз етті.

Қадағалау актісі бойынша 1,3 млрд теңгеден астам сатып алулар жойылып, заңнамаға сәйкестендірілді.

Қабылданған шаралар мемлекеттік сатып алуда кәсіпкерлік субъектілері арасындағы адал бәсекелестікті қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама