×

Қарағанды облысында екі бала зорлықпен өлтірілген

Олардың анасы ұсталды

 Еркеғали Болатұлы 05.04.2024 | 14:35
фото: Halyq Uni

Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы ауылдардың бірінде екі бүлдіршіннің мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқиға 4 сәуірде болған.

Бұқар Жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Қылмыстық іс Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бақылауында. Басқа ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама