×

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлене бастады

Бүгінде тұрғындарға 18 млн теңге аударылды

 Дәурен Ерболат 30.03.2024 | 12:12
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлене бастады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бүгінде 183 мың адамға 100 мың теңгеден аударылған. Бұл қаржы отбасының әрбір мүшесіне беріледі. Демек бір отбасына орта есеппен 600 мың теңге аударылады.

Облыс әкімдігі су тасқынынан зардап шеккендерге 18 млн теңгеден аса қаражат аударды.

Бұл төлемдер тұрғын үй жалдау, азық-түлік, киім-кешек сатып алуға бөлінеді.

Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ қираған үй мен мал басын қалпына келтіруге де ақша қарастырылған.

Үйге су жарты сағат кірсе де, бұл отбасылар су тасқынынан зардап шеккен болып саналады. Ешкім мемлекеттің көмегінсіз қалмайды, - деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама