×

Астанада қарызға батқан отбасы мүшелері есірткі сатумен айналысқан

Олар шамамен 2 ай бұрын ұсталған

 Дәурен Ерболат 29.03.2024 | 13:22
фото: ІІМ баспасөз қызметі

Елордада қарызға белшесінен батқан отбасы мүшелері есірткі сатумен айналысқан. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жақында Астанада ерлі-зайыпты ұсталды. Олар несиелерін жабу үшін есірткі сатумен айналысқан. Тергеу барысында отбасы мүшелері бұл істі тез бітіріп, бірден тоқтатқысы келгенін айтты. Алайда ІІМ-нің жедел қызметкерлері оларды тез ұстады. Олар 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деді Шыңғыс Алекешев ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің орынбасары Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, бұл оқиға шамамен 1,5-2 ай бұрын болған. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама