×

Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 келіден астам есірткі жібермек болған

Ол Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

 Динара Амантай 28.03.2024 | 14:06
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 келіден астам есірткі жібермек болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шу ауданында есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді. Полиция 35 жастағы күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Жаңа жол ауылында өткен тінту шаралары барысында ер адамның шаруашылық құрылысында кептірілген марихуана және гашиш есірткі заттары бар 15 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Жедел мәліметтер бойынша күдікті жабайы қарасораны Астанаға апарып сатуды жоспарлаған.

Қызметкерлердің біраз уақыт күдіктінің ізіне түсіп, кәсіби әрекет етулерінің нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымының тағы бір фактісінің алдын алдық. Барлығы 29 келі 677 грамм кептірілген марихуана және 3 келі 76 грамм гашиш тәркіленді. Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны үшін ұсталған адамға қатысты мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама