×

Маңғыстау облысында халықты жұмыспен қамту саласында жүйелі бұзушылықтар анықталды

Бос жұмыс орындары туралы хабарламаудың 1 мыңнан астам фактісі тіркелді

 Динара Амантай 27.03.2024 | 16:03
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының прокуратурасы бос жұмыс орындарын бөлу және оларды ақпараттық порталда жариялау кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қадағалау нәтижелері көрсеткендей, жұмыс берушілер еңбек жағдайлары мен төлемдерді көрсете отырып, бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді жұмыспен қамту орталықтарына жіберу талаптарын жиі сақтамайды.

Соңғы 2 жылда прокурорлық тексерулер мен талдаулардың нәтижесінде жұмыс берушілердің (мұнай-газ саласының 30-ға жуық компаниясы) бос жұмыс орындары туралы хабарламаудың 1 мыңнан астам фактісі анықталды.

Прокуратура органдары осы фактілер бойынша «немқұрайлы жұмыс берушілерді» әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қадағалау актілерін енгізді.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекстің 98-бабына сәйкес, бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді халықты жұмыспен қамту орталығына уақтылы жібермеу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Бұдан басқа, жұмыс берушілер еңбек шарттары туралы мәліметтерді бірыңғай есепке алу жүйесіне енгізу жөніндегі міндеттерді толық көлемде орындамайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Маңғыстау облысының прокуратурасы меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерді заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға және азаматтардың құқығының бұзылуына жол бермеуге шақырады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама