×

Қонаев қаласында жас жігіттер студент қызды ұрып өлтірген

Оның телефонынан өздеріне несие рәсімдеп алыпты

 Еркеғали Болатұлы 25.03.2024 | 14:00
фото: Halyq Uni

НеМолчи қорының басшысы Динара Смайылова Facebook-тегі парақшасына Қонаев қаласында 18 жастағы студентті бірнеше ер адамның қатігездікпен өлтіргенін жазды.

Оның айтуынша, марқұм колледжде аспаз мамандығы бойынша оқып жүрген. Ал қылмысқа қатысты күдіктілер 18-21 жас аралығында екен.

Қыз олардың бірімен 7 наурызда танысқан. Бірақ шамамен наурыздың 14-інен 15-іне қарағанда студентті қатыгездікпен өлтіріп кеткен. Олар оның телефонын алып, өздеріне несие рәсімдеген. Қаланың сыртына алып шығып, сойылмен ұрып-соғып, далаға тастап кеткен. Қыздың туыстарына мәйіттің 21 наурызда табылғаны хабарланған. Әпкесі оны мәйітханалардан өзі іздеген, себебі студенттің денесі қай жерде екенін ешкім айтпапты. Мәйітін тапқан кезде денесінен көгерген, қолында жіптің ізі қалғанын көрген, – деп жазды қор басшысы.

Динара Смайылованың айтуынша, Қонаев қаласының полициясы күдіктілерді ұстаған. Бірақ марқұмның жақындары 2 адамның ұсталғанын, алайда тағы 2 адамның бостандықта екенін жеткізген. Сондықтан олар қылмыскерлер жазасыз қала ма деп қорқады.

Жетісу облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты әлі пікір білдірмеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама