×

Елден 17 шетелдік шығарылды

Олар заңды қасақана бұзған

 Дәурен Ерболат 20.03.2024 | 17:55
Фото: AP/ Александр Земляниченко

Жетісу облысында 17 шетелдік елден шығарылды. Бұл туралы облыстық көші-кон басқармасының басшысы Ерлан Райымбеков айтты, деп хабарлады Polisia.kz.

Оның айтуынша, жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер құрылыс нысандарын, қонақ үйлерді, жатақханаларды және адам көп жиналатын орындарды тексерген.

5 күнде көші-кон заңнамасын бұзған 388 адам анықталды. Оның 249-ы – шетелдік, 149-ы – Қазақстан азаматы. 23 адам заңды бұзып, шетелден жұмыс күшін тарқаны үшін жазаланды. Сот қаулысымен көші-қон заңнамасын әдейі бұзған 17 шетелдік елден шығарылды. Сондай-ақ іздеуде жүрген 2 адам ұсталып, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 20 адам қамауға алынды, - деді Ерлан Райымбеков өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама