×

ШҚО-да жекешелендірілген пәтерлер мемлекетке қайтарылды

ТКШ бөлімінің басшысы жауапқа тартылды

 Динара Амантай 20.03.2024 | 13:35
Фото: smartnews.kz

ШҚО прокурорлары мемлекетке құны 19 млн теңге болатын заңсыз жекешелендірілген 5 пәтерді қайтарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алтай ауданының прокуратурасы «Алтай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де тұрғын үй заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеріспен мемлекеттік тұрғын үй қорынан жеке тұрғын үйі бар және мемлекеттік тұрғын үй алу үшін заңда көзделген мерзімдері келмеген азаматтардың пәтерлерді заңсыз жекешелендіру фактілері анықталды. Осылайша, Алтай қаласының бағалау құны 19 млн теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз жекешелендірген 5 тұрғыны анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша барлық тұрғын үй мемлекет меншігіне қайтарылып, ТКШ бөлімінің басшысы беделін түсіретін негіздер бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Мемлекет меншігіне қайтарылған пәтерлер заңда белгіленген тәртіппен мұқтаж жандарға берілетін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама