×

Астанада қойма өртеніп жатыр

Оқиға орнында 3 жауынгерлік учаске құрылды

 Динара Амантай 18.03.2024 | 09:15
Фото: видеодан скриншот

Астанада қоймадағы өртті сөндіруге 70-ке жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, сағат 07:20-да өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданында болған өрт орнына шыққан. Бөлімше қызметкерлері барған уақытта алдын ала болжам бойынша ауданы 1 мың шаршы метр алаңда отқа оранған бір қабатты қойманың жанып жатқаны анықталды.

Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады. Оқиға орнында 3 жауынгерлік учаске құрылды.

Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 70-ке жуық адам, 15 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама