×

«Референдумда қазақ тіліндегі бюллетеньді толтырыңыз» - сенатор үн қатты

Референдум туралы заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады

 Еркеғали Болатұлы 31.05.2022 | 10:18
фото: ашық дереккөз

Қазір әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде референдумда қазақ тілінде жазылған бюллетеньді толтыруға шақыратын ақпарат тарап жатыр. Бюллетеньдерге қарап, елдің қазақтілді және орыстілді халқының пайызы есептеледі-мыс.

Сенатор Нұртөре Жүсіп Facebook-тегі парақшасында бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жазды.

«Әлеуметтік желіде референдумға берілген жауапты екі тілде санайды екен деген ақпарат желдей есіп жүр.

Бұл түбірімен дұрыс емес! Азаматтар өз құқығын білуі тиіс. Референдум туралы Заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады. Сондықтан жалған хабарламаға ермеуді сұраймыз!

Орайы келіп тұрғанда, барлық Қазақстан азаматын 5 маусым күнгі референдумға бір кісідей қатысып, алдағы үлкен өзгерістер үшін дауыс беруге шақырамын», – деді Нұртөре Жүсіп.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы референдум барысында бюллетеньдерді қалай толтыру керектігін түсіндірген болатын. Бюллетень екі тілде бірдей жазылған. Онда Конституцияға ұсынылған түзетулермен келісуге немесе келіспеуге қатысты жалғыз ғана сұрақ бар. Жауап екеу: «иә» немесе «жоқ».

Серіктес жаңалықтары

Сараптама