×

Балқашта 21 жастағы қыз көпқабатты үйден секірмек болды

Ол жігітімен ұрысып қалғаны анықталды

 Дәурен Ерболат 15.03.2024 | 10:10
Фото: polisia.kz

Балқашта полиция тоғыз қабатты үйдің шатырынан секірмек болған қызды құтқарды, деп хабарлады Polisia.kz.

13 наурыз кешкі сағат 19:30 шамасында қалалық полиция бөліміне қаладағы көпқабатты үйдің шатырынан бір қыз секірмек болғаны туралы хабарлама түсті. Ақпарат бірден патрульдік полиция жасағына жіберілді.

Оқиға орнына Ұлан Несіпбай мен Танат Берікұлы атты инспекторлар барды.

Кезекші бөлімнен тиісті мәліметті алдық. Тез арада аталған мекенжайға келдік. 9 қабатты үйдің шатырының шетінде отырған қызды көрдік. Дәлізге кіріп, бірден жоғарыға көтерілдік. 9-қабатқа көтерілгенімізде шатырға шығатын есік ашық болды. Әріптесіміз екеуміз екі жақтан білдіртпей барып, қызды бірден өзімізге қарай тартып алдық. Кейін оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырдық, - деді Ұлан Неспібай.

Құтқарылған 21 жастағы қыз осыдан үш күн бұрын өзге өңірге жұмысқа кеткен жігітімен телефон арқылы ұрсысып қалған. Осыдан кейін жігіт қызбен байланысқа шықпаған. Осыған қатты күйзелген қыз 9 қабатты үйдің төбесіне шығып секірмек болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама