×

Павлодарда 256 ата-ана жауапқа тартылды

Сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің 14 иесі жазаланды

 Динара Амантай 13.03.2024 | 14:30
Фото: polisia.kz

Павлодарда рейд барысында 256 ата-ана жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ювеналды полиция қызметкерлері күн сайын кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтер жүргізеді.

Мысалы сағат 23:45-те 17 жастағы кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, Назарбаев даңғылындағы кафеде болу фактісі анықталды. Оның мекемеде болуына жол бергені үшін ата-анасы жауапқа тартылып, материал сотқа жіберілді. Сондай-ақ баланың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде заңды өкілінің еріп жүруінсіз болғаны үшін ата-анасы да жазаланды, – деді Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімі ювеналды полициясының аға инспекторы Ирина Емцова.

Ертіс ауылында сағат 00:00 шамасында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмаған бала тоқтатылды. Оның ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетсек, биыл Павлодар облысы бойынша ойын-сауық мекемелерінің 14 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта үлкендердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін 256 ата-ана жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама