×

Қуандық Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтетін болды

Басты сот талқылауы 27 наурызда өтеді

 Айгерім Таубай 12.03.2024 | 19:43
Фото: Halyq Uni / Жансерік Күзембай

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сот сотталушы Бишімбаевтың істі алқабилердің қатысуымен өткізу туралы өтінішін қанағаттандыру қажет деп санайды, - деді Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева.

Сондай-ақ істі Қылмыстық кодекстің 99-бабынан 104-бапқа саралау, Бишімбаевтың қатысуымен тергеу экспериментін жүргізу туралы өтінішхатты қанағаттандырмады.

Қаулы түпкілікті болып саналады.

Айта кетейік, 2024 жылдың 11 наурызында Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі басталды.

Айыптау актісіне сәйкес, Бишімбаевқа қылмыстық кодекстік 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша және 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген қылмыстық әрекетті жасады деген айып тағылған.

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың айтуынша, Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев 2022 жылдың тамызында танысқан. Ал тойы сол жылдың желтоқсанында өткен. Алайда Бишімбаев пен Нүкенова заңды некеде тұрмаған. Қарым-қатынас барысында Бишімбаев Нүкеноваға туыстары, құрбыларымен кездесуге, жұмыс істеуге рұқсат бермеген және үнемі қызғанған. Соған байланысты үнемі физикалық күш қолданған. 

Қайғылы оқиға болған күні Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев Астанада өткен концертке барған. Алайда концерт аяқталмастан, ол жерден шығып, Bau мейрамханасына барады. Сол жерде Нүкенова қарым-қатынасты тоқтатқысы келетінін айтқан. Олар бастапқыда мейрамханадан шыққысы келген, алайда Бишімбаев рұқсат бермеген. Мейрамхананың VIP залында екеуінің арасына туған жанжал жалғасқан. Бишімбаев жанжал барысында өзінің ақшасына сатып алынған заттар туралы айтқан. Содан кейін Нүкенова ішкиім және әшекейден басқасын шешіп тастаған. Оның бұл әрекеті Бишімбаевтың ашуына тиген. Тергеу мәліметіне сәйкес, содан кейін Бишімбаев әйелді жұдырықпен ұрған. 

Содан кейін Бишімбаевтың адвокаттары қылмыстық істі прокуратураға қайта жіберуді, Бишімбаевтың әрекетін 99-баптан (аса қатыгездікпен адам өлтіру) 104-баптың 1-бөлігіне (абайсызда қазаға ұшырату) қайта саралауды сұрады.

Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);

110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).

Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);

434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама