×

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды

Қылмыстық істі судья Айжан Құлбаева қарап жатыр

 Айгерім Таубай 11.03.2024 | 15:19
Фото: Halyq Uni

Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Қылмыстық істі Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева қарап жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі сот залынан.

Сотталушылар қатарында Қуандық Бишімбаевпен қатар Бақытжан Байжанов бар.

Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру), 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау) бойынша айып тағылған.

Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу), 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау) бойынша айып тағылған.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама