×

Ақтөбеде ер адам лифт шахтасына құлап кетті

Ол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан

 Динара Амантай 11.03.2024 | 16:16
фото: ТЖМ

Ақтөбелік құтқарушылар лифт шахтасына құлаған адамға көмектесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ер адам лифт шахтасына құлап кеткен. Хабарды алғаннан 5 минуттан кейін оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барған.

Арнайы зембілдің көмегімен құтқарушылар зардап шеккен адамды салынып жатқан ғимараттан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Жедел құтқару жасағының құтқарушылары:

  • Николай Кротов;
  • Ғалымбек Әбдіжамілов;
  • Шыңғыс Мұқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама