×

Ақтөбе облысында 11 балықшы қар құрсауында қалып қойған

Олар боран және нашар көрінуге байланысты көмекке жүгінген

 Динара Амантай 11.03.2024 | 10:26
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында 11 балықшы қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін Қарғалы ауданының Желтау ауылы аумағында Қарғалы су қоймасының маңында балықшылардың 3 көлікпен қар құрсауында қалғаны туралы хабар түскен. Олар боран және нашар көрінуге байланысты көмекке жүгінген. Түнгі 3:30-да құтқарушылардың күшімен 3 жеңіл автокөліктен 11 адам эвакуацияланды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құтқарушылар:

  • қарауыл бастығы Шернияз Серіков;
  • жүргізуші-қызметкер Абай Таймұқанов;
  • өрт сөндіруші-құтқарушы Алтынбек Есенаманов;
  • ТЖБ аға инженері Салауат Бекмырзаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама