×

«Сот сарапшысына ұқсайды». Ер адам жұмыс орнында әйелді ұрып-соққан (ВИДЕО)

Оқиға Талдықорғандағы интернет-дүкендердің бірінде болған

 Еркеғали Болатұлы 10.03.2024 | 13:53
фото: Halyq Uni

Полиция әлеуметтік желіде ер адамның әйелді ұрып жатқаны түсіп қалған видеодан кейін тергеуді бастады.

Egov.press Telegram-арнасында тараған видеодан ер адамның әйелді жұмыс орнында ұрып жатқанын көруге болады. Ал видео сипаттамасында ер адамның Алматы сот сараптамасы институтының сарапшысына ұқсайтыны жазылған.

Жетісу облысының полиция департаменті аталған дерекке қатысты тергеуді бастаған.

Аталған деректің 9 қаңтарда Талдықорғандағы интернет-дүкендердің бірінде болғаны анықталды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген полиция хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама