×

Жүрегіне ота жасалған Сәбит Әбдіхалықовтың қазіргі жағдайы белгілі болды

Елімізде кардиология жақсы дамыған

 Халық үні 07.03.2024 | 07:15
фото: видеодан скриншот

Осыдан оншақты күн бұрын актер Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне күрделі ота жасатты. Өнер иесі «ХабарLikе» бағдарламасында қазіргі жағдайын айтты.

Әбдіхалықовтың айтуынша, екі аптадай ауруханада жатқан.

«2016 жылы инфаркт алғанмын. Содан кейін жүрегімнің жағдайы дұрыс болмады. Жүрегіме ота жасап, жаңа тамыр салды. Аллаға шүкір! Бір алланың қолында. Екі апта енді болды. Жақсы, шүкір. Ниеттеріңізге рахмет!

Біздің Қазақстанда кардиология жақсы дамыған. Қазақстанның біраз қаласында кардиология бөлімінде жаттым. Жүрегіме 5 стенд қойдырдым», - деді Сәбит Әбдіхалықов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама