×

Астанада бір күнде заңды бұзған 119 шетелдік ұсталды

Шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша 5 факті анықталды

 Динара Амантай 06.03.2024 | 09:09
Фото: polisia.kz

 Астанада бір күнде заңды бұзған 119 шетелдік ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елордада көші-қон қызметінің қызметкерлері жергілікті рейдтік іс-шаралар жүргізді. Олардың барысында пәтерлер, хостелдер, жатақханалар, құрылыс нысандары, өндірістік аймақтар мен базарлар тексерілді.

Бір күн ішінде елордада елімізде болу тәртібін бұзған 119 шетелдік ұсталды. Сондай-ақ шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуі бойынша 5 факті анықталды. Бұған қоса қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматы табылды.

ІІМ көші-қон қызметі комитеті көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады. Сондай-ақ уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс берушінің шетелдікті бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны және жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама