×

Алаяқтар танымал әншілерді ортақ чатқа қосып, алдап келген (ВИДЕО)

Халық әртісі Мақпал Жүнісова да алаяқтардың арбауына түсіп қалған

 Дастан Жұмабекұлы 05.03.2024 | 17:18
Фото: qazaquni.kz

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова WhatsApp желісінде өзінің атынан жалған сілтеме жіберіліп жатқанын ескертті.

Құрметті халайық! Менің жазылушыларым! Ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын! Басын жарамын! Бассыздық қой. Жалған хабарлама келсе, ашып, оқымаңыздар! – деп жазды халық әртісі.  

Белгілі тележурналист Қымбат Досжан да халық әртісіне пікір жазып, өзінің де алаяқтарға алданып қала жаздағанын айтты.

Мақпал, алаяқтардың қақпанына түсіп қалыпсың ғой. Чатқа мені де қосқанын көріп, бірден «пожаловаться» дегенді басып, сосын шығып кеттім. Сосын өзіңе хабарласайын деп едім, телефоныңды ала алмадым. Қоңырау барып тұрды. Ватсабыңа жазғаныммен бармады… – деді ол.

Желі қолданушылары мен өнер өкілдері әншіні қолдап, пікір жазып жатыр. Алаяқ оларды да ортақ чатқа қосып қойған көрінеді. Соның бірі Роза Әлқожа да алаяқтарға алданып, ортақ топқа қосылғанын жасырмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама