×

Қостанайда қарасора өсіретін фитозертхана анықталды

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 05.03.2024 | 14:56
Фото: polisia.kz

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Лабораторияны жергілікті тұрғын екі бөлмелі пәтерде ұйымдастырған. Тінту кезінде полицейлер жалпы салмағы 12,5 келі болатын қарасора бұталарын тәркіледі. Мұнда арнайы жабдықтар да (жарық және диодты шамдар, термометрлер, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралдары) болды.

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 ер адамды ұстады.

Фитозертхана құрамында есірткі заттары бар қарасора өсіруге арналған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті басқарма бастығы Нұржан Ахметов.

Адамдардың өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілетін болады. Қарасора өсіргені үшін 3 жылдан 8з жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жаза қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама