×

Баласына 3 миллион қарызы бар әке сотталды

Енді ол қарызды өтеумен қатар, 100 сағат жұмыс істеуі керек

 Динара Амантай 05.03.2024 | 12:40
Коллаж: egemen.kz

Қарағанды облысында 27 мың 925 кәмелетке толмаған балаға алимент өндіріп алу бойынша 20 мыңнан астам құжат орындалып жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2023 жылдан бері 102 қылмыстық істің 60-ы тараптардың татуласуы мен қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды. 36 қасақана борышкерге қатысты айыптау үкімдері шығарылды.

Мысалы, кәмелетке толмаған баланың әкесі ұлын асырауға қаражат төлеу міндетін атқармаған және оның 3 миллион теңгеден астам қарызы болған. Шахтинск қаласы прокуратурасының актісі негізінде полиция Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот үкімімен борышкер пробациялық бақылау белгілеумен және мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бас бостандығын шектеуге сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Енді борышкер әке қарызды өтеумен қатар, 100 сағат жұмыс істеуі керек.

Жалпы, бүгінде прокурорлық ден қою шараларымен 4 миллион теңгеден астам алимент қарыздары өтелді.

Қалған борышкерлерге қатысты жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама