×

Ақтауда 2 шетелдіктің ішінен 30-дан аса контейнер есірткі табылды

Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 келі болды

 Динара Амантай 05.03.2024 | 10:36
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға есірткі жеткізудің «жұтқыштар» деп аталатын кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

21 ақпанда Ақтау қаласы халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері мен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен өзара әрекеттесе отырып, есірткі тасымалдау күдігі бойынша екі шетелдік азаматты ұстады.

Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іштерінде бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазанынан героин және синтеикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды. Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 келі болды.

Сот шешімімен қылмыскерлерді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама