×

«Нақты шешім қабылдадық»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты соңғы ақпарат жариялады

Баланың тегі жақсы, тіпті мықты тектен 

 Халық үні 03.03.2024 | 22:48
коллаж: Halyq Uni

Шетелдіктер асырап алған Жәнібек биологиялық анасын іздеп елге келген еді.

Осы орайда журналист Қымбат Досжан Instagram-дағы парақшасында Жәнібектің оқиғасына қатысты ақпарат жариялады.

Достар, Жәнібек балам жайлы соңғы ақпарат. Астана-Ыстамбұл-Барселона-Мальорка-Малага бағытына шыққан Түркіш ұшағы Астанадан кешігіп ұшып, Жәнібек қалған рейстердің бәрінен кешігіп қалған. Бірақ баламыз өзі айтқандай, жолы болғыш бала екен, түрік авиакомпаниясы үш рет ұшақ ауыстырып жететін жеріне бір ғана ұшақпен жететіндей етіп жағдай жасап, тамағын беріп, Ыстамбұлдан Малагаға бір-ақ жететін етіп билетін ауыстырып берген. Адамға адам секілді қараған түрік ағайынға мың алғыс! - деді журналист.

Оның айтуынша, енді бағдарлама қызметкерлері Жәнібектің әкесін іздемек.

Баламыздың анасы немесе әкесі (енді әкесін іздейміз деп нақты шешім қабылдап отырмыз) осылайша тез табылса екен деп тілеймін. Баланы әр көрген сайын, сөйлескен сайын «тегі жақсы, тіпті мықты тектен» екендігіне көз жеткіземіз Әсел екеуміз, - деп жазды Қымбат Досжан. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама