×

«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат жемқорлықпен ұсталды

Бұл істің негізгі қызметіне байланысты болғаны расталды

 Еркеғали Болатұлы 03.03.2024 | 11:37
фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Павел Булаевты ұстады.

Ведомство облыстық «Тазалау, су өткізгіш және дренаждық құрылыстар» МКҚК директорының орынбасары Павел Булаевтың ұсталғанын растады. Олар бұл іс оның негізгі қызметіне байланысты екенін атап өтті.

Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Булев уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті.

Айта кетсек, Павел Булаев Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты қызметін былтыр бастаған. №13 аумақтық бір мандатты округі бойынша «Ақ жол» партиясынан сайланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама