×

Тоқаев Болгария президентін құттықтады

Болгария халқы 3 наурызда ұлттық мереке – Азат ету күнін атап өтеді

 Халық үні 03.03.2024 | 11:25
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Президент Румен Радевті Болгария ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады.

Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін, - делінген жеделхатта.

Сондай-ақ президент бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Болгария президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама