×

Мораторий алынды: бизнесті жаппай тескеру бастала ма?

Қазақстанда кәсіпкерлікті тексеру процесі цифрландырылып жатыр

 Дәурен Ерболат 29.02.2024 | 12:28
көрнекі фото: Halyq Uni

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстанда шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий аяқталғанын, бірақ кәсіпкерлерден көп шағым түспегенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Мораторий 3 жыл жұмыс істеді. Кейін ол тағы бір жылға ұзартылды. Нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілері тексерілмеді. Мұның ірі бизнеске қатысы болмады. Ол (мораторий) 2023 жылғы 31 желтоқсанда бітті. Біз (кәсіпкерлерден) «жаппай тексеріс басталды, жағдай қиындап кетті» деген шағымды көріп отырған жоқпыз. Ондай жоқ», - деді Тимур Жақсылықов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Ол бүгінде тексеріс азайғанын, бизнесті тексеру процесі цифрландырылып жатқанын атап өтті.

...Біз керек емес талаптар үшін бизнесті жазаламаймыз. Заң аясында тиісті жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде заң ақылға қонымды, түсінікті, өзекті болды. Жұмыс осымен тоқтап қалмайды, - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама