×

Украина азаматы омбудсменнен көмек сұрап келді

Ер адамға 5 жыл мерзімге І-топтағы мүгедектік тағайындалды

 Дастан Жұмабекұлы 27.02.2024 | 14:30
Фото: gov.kz/Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Украина азаматы Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілінен көмек сұрап, проблемасын шешіп алды.

Айтуынша, оның мүгедектікке қатысты құжатын рәсімдеуінде проблема болған.  

Омыртқа ауруына байланысты ІІІ-топтағы мүгедектігі бар шетелдік азамат туған жеріне барып қайтқан. Алайда ол Қазақстанға көшкен кезде құжаттарын жоғалтып алған.

Ер адам өтінішінде жергілікті емханада емделіп жатқанын, оның тұруға рұқсаты бар екенін айтқан. Бірақ қолданылған хаттаманың ойдағыдай нәтиже бермей жатқанын жеткізген. Енді оған білікті медициналық көмек пен мүгедектікті анықтауға медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) алу үшін дәрігерлік тексеруге жолдама қажет. Сонымен қатар өтініш берушінің сол көзі мүлде көрмейді. Ал оң көзі 30% ғана көреді.

Уәкілдің аймақтағы өкілі көрсетілген фактілерді тексеріп, содан кейін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына өтініш жолдаған. Нәтижесінде өтініш берушіге уақытша тұрғылықты жері бойынша емханада толық медициналық тексеруден өтуге және қаралуға, сондай-ақ стационарлық ем алуға мүмкіндік берілді.

Сараптама қорытындысы бойынша ер адам Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша МӘС департаментіне одан әрі сараптамадан өтуге жолдама алды. Оған 5 жыл мерзімге І-топтағы мүгедектік тағайындалды», – деп хабарлады Адам құқығы жөніндгі уәкілдің баспасөз қызметі.

Омбудсменнің Шымкент қаласы бойынша өкілі Украина азаматына мүгедектікке қатысты құжатын рәсімдеуге көмектесті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама