×

Анасымен жанжалдасқан ер адам қамауға алынды

Отбасының бересін қашырған 5 мыңнан аса агрессор жауапқа тартылды

 Дәурен Ерболат 26.02.2024 | 16:35
Фото: zib.com.ua

Павлодар облысында полиция мас күйде анасымен жанжалдасқан ер адамды қамауға алды. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, соттар құқықбұзушының мінез-құлқына, ішімдік ішуге тыйым салуға байланысты 15 мың ерекше талап қойған. Полиция мұндай қазақстандықтарды қатаң бақылауда ұстайды, ал тәртіпке бағынбағандары жауапқа тартылады.

Мысалы, Павлодар облысында учаскелік полицей қорғау нұсқамасының сақталуын тексеру барысында мас ер адамның анасымен жанжалдасқанын анықтады. Ол 20 тәулікке қамауға алынды, - деді Шыңғыс Алекешев ІІМ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ ресми өкіл отбасының берекесін қашырғандар да жазадан құтылмайтынын ескертті.

Жалпы сот шешімі бойынша қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін барлығы 2 770 агрессор және мінез-құлыққа қойылатын ерекше талапты орындамағаны үшін 5 926 құқықбұзушы қамауға алынды, - деді ол.

Шыңғыс Алекешев тек полицияның күшімен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу мүмкін емес деген ұстанымда.

Осыған байланысты Үкімет тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі саясатты қайта қарау жөніндегі жол картасын іске асыруға кіріскен.

Өңірлерде қиындыққа тап болған отбасыларды анықтау үшін мобильді топтар құрылды. 2023 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығында учаскелік инспекторлар берекесіз отбасыларға 67 343 тексеру жүргізіп, арнайы әлеуметтік көмекке мұқтаж 2 349 отбасын анықтады. Биыл қаңтарда осындай 325 отбасы анықталды. Оларға әлеуметтік көмек көрсету үшін мүдделі мемлекеттік органдарға ақпарат жіберілді, - деді ресми өкіл.

Еске сала кетсек, бұған дейін әйеліне қол көтергендер сотталып, педофилдердің өмірбақи бас бостандығынан айырылатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама