×

Түркістан облысында ер адам кішкентай балаларын аяусыз тепкілеген (ВИДЕО)

Облыстық полиция департаментінің басшысы істі жеке бақылауына алды

 Еркеғали Болатұлы 22.02.2024 | 12:27
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы тұрғынының балаларды қатігездікпен ұрып жатқан видеосы тарады. Жергілікті полиция осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

«НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, оқиға Түркістан облысының Сайрам ауданында болған. Кадрдан ер адамның 4-5 жастағы баланы теуіп жатқанын байқауға болады. Жанында осы жас шамалас қыз да бар.

Белгілі болғандай, Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы істі жеке бақылауына алған.

Түркістан облысында жасөспірімдерге қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда 3 жасар баланы өгей әкесінің күрекпен өлімші етіп сабағанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ СҚО-да кәмелетке толмаған қызды анасының бөтелкелестері зорлаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама