×

Қазақстанда коммуналдық тарифтер қымбаттады: салаға инвестиция қажет

Ұлттық экономика вице-министрі коммуналдық салаға инвестиция тарту маңызды екенін жеткізді

 Дәурен Ерболат 22.02.2024 | 11:46
көрнекі фото: Halyq Uni

Биыл Қазақстанда коммуналдық тарифтер 20-25% қымбаттаған. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысынан кейін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл Қазақстанда коммуналдық тарифтер орташа есеппен 20-25% қымбаттады. Кейбір өңірлерде тариф жоғары, кейбірінде төмен болды, - деді Тимур Жақсылықов.

Вице-министр коммуналдық салаға инвестиция тарту маңызды екенін жеткізді.

«Елімізде коммуналдық салаға тиісті деңгейде қаржы бөлінбеген. Егер біз апат болмасын десек, инфрақұрылымды жаңартып, инвестиция тартуымыз керек. Инвестиция салудың екі көзі бар: біріншісі – тариф пен тұтынушылар, екіншісі – бюджет, салық төлеушілердің қаржысы, яғни сіз бен біз. Егер біз сумен жабдықтау, жылыту, энергетика жүйесі дұрыс жұмыс істесін десек, бізге оған қаржы құю керек», - деді бірінші вице-министр.

Тимур Жақсылықов елімізде тарифтер қымбаттай беретінін айтты. Алайда тарифтердің бағасы қандай қарқынмен өсететін нақтылаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама