×

Алматыда мефедрон тұтынған полиция майоры жол апатын жасады

Қалалық полиция басқармасы болған жағдайға түсінік берді

 Дәурен Ерболат 19.02.2024 | 15:50
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Алматыда синтетикалық есірткі тұтынып, қызметтік көлікті басқарған полиция майорының үстінен тергеу басталды, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бүгін БАҚ-та Алматыда полиция майорының қызметтік автокөлікке отырып, апатқа ұшырағаны туралы ақпарат жарияланды. Ол Toyota және полиция көлігіне соғылған.

Қалалық полиция басқармасы болған жағдайға түсінік берді.

Алматыда полиция қызметкерінің мас күйде көлік апатына түсуіне байланысты тергеу басталды. Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша, ол теріс әрекеті үшін ішкі істер органдарынан шығарылды. Тағы бірқатар басшы тәртіптік жазаға тартылды. Іс ІІМ басшылығының жеке бақылауында, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама