×

6 облыста жол жабылды

Бұған дейін 8 облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілген

 Дәурен Ерболат 19.02.2024 | 09:30
Фото: tainaprirody.ru

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 6 жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.

Абай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 шақырым (қар, боран, жел, көрінуді шектеу):

  • Омбы-Майқапшағай-Қалбатау ауылы-Бұғаз ауылы (барлық көлік үшін).

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 шақырым (қар, боран, жел, көрінуді шектеу):

  • Алматы-Ташкент-Термез-Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы іске асырылады) барлық көлік үшін.

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 шақырым (қар, боран, жел, көрінуді шектеу):

  • Үшарал-Достық-Көктұма станциясы-Достық станциясы (барлық көлік үшін).

Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 шақырым (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты):

  •  Жезқазған-Петропавл-Ұлытау облысының шекарасы-Арқалық қаласы (барлық көлік үшін).

Түркістан облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 106 шақырым (бұрқасын, көктайғақ):

  • Жизақ-Гагарин-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы-Қызыләскер ауылы-Черняевка ауылы (жүк көліктері үшін).

Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 шақырым (боран, жел):

Жезқазған-Петропавл-Ұлытау кенті-Қостанай облысының шекарасы (барлық көлік үшін).

Бұған дейін еліміздің 8 облысында жол жабылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама