×

Ақмола облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылды

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 19.02.2024 | 09:12
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысы Ақкөл ауданының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйде 65 шаршы метр алаңда өрт болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқиға орнына дереу облыстық ТЖД-ның жеке құрамынан 7 адам және 2 техника жөнелтілді.

Өрт сағат 06:55-те оқшауланып, сағат 08:18-де жойылды. Үйіндіні тазалау барысында өрт орнынан 1966 жылы туған азаматтың денесі табылды,  – делінген ТЖД хабарламасында.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама