×

Көкшетауда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйден бір адамның мәйіті табылды

Өртті сөндіруге 10 адам жұмылдырылды

 Динара Амантай 14.02.2024 | 09:37
Фото: ortcom.kz

Көкшетауда өртенген күзет күркесінен бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Көкшетауда салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің аумағында 30 шаршы метр аумақты алып жатқан күзет күркесінен өрт шықты. Салдарынан бір адам қаза тапты.

Департамент өрттің сөндірілгенін, оған 10 адам және 2 техника жұмылдырылғанын хабарлады. 

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау себеп болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама