×

Атырау облысында жолда адасқан адамдар құтқырылды

Автокөлік батпақты жерде орнынан қозғала алмай тұрып қалған

 Дастан Жұмабекұлы 13.02.2024 | 11:27
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Атырау облысында жолға автокөлікпен шығып, адасып кеткен адамдар құтқарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабаралуынша, автокөлік 12 ақпанда сағат 00:10-да Атырау облысы Құрманғазы ауылынан шамамен 65 шақырым қашықтықта батпақты жерде орнынан қозғала алмай тұрып қалған.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде көлікте отырған 3 адам жақын маңдағы шаруа қожалығына эвакуацияланды.

Жұмыстарға Құрманғазы ауданының №7 ӨСБ 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Еске сала кетсек, облыстық ТЖД баспасөз қызметі кеше Исатай ауданы қыстауларының бірінен Тұщықұдық ауылына қарай бет алған 3 көліктің де батпақты жерде қалып, орнынан шыға алмағанын хабарлаған еді. Құтқарушылар жоғалған адамдарды Тұщықұдық ауылынан 20 шақырым жерден тапқан. Олар 15 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып, Тұщықұдық ауылына жеткізген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама