×

Атырау облысында батпақта қалған 15 адам құтқарылды

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ

 Динара Амантай 12.02.2024 | 13:28
Фото: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Атырау облысында 15 адам құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Атырау облысы Исатай ауданы қыстауларының бірінен Тұщықұдық ауылына қарай бет алған 3 көлік батпақты жерде қалып, өздігінен шыға алмаған. Ведомство бөлімшесіне қоңырау сағат 23:10-да түскен.

Құтқарушылар жедел түрде апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге бет алды. Олардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде жоғалған адамдар Тұщықұдық ауылынан 20 шақырым жерден табылды.

Құтқарушылар 15 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып, Тұщықұдық ауылына эвакуациялады. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Апаттық-құтқару жұмыстарына Исатай ауданының №6 ӨСБ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама