×

Атырауда дәмхана кассирін балағаттаған ер адам айыппұл арқалады

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды

 Динара Амантай 10.02.2024 | 15:15
Фото: Halyq Uni

Атырауда дәмхана кассирін балағаттаған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

19 қаңтарда ер адам Атырау қаласындағы әуежайда «Manоr» кафесінің кассиріне былапыт сөйлеп, балағаттаған. Осылайша, ол қоғамдық тәртiптi бұзып, яғни ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған. Оның бұл ісі Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында қаралды.

Сот қаулысымен айыпталушы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 51 мың 688 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама