×

Астанада футбол алаңында жарақат алған балаға аудан әкімдігі өтемақы төледі

Тараптармен сот шешімі дауланбады және заңды күшіне енді 

 Динара Амантай 10.02.2024 | 14:20
Фото: yandex.kz

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты ерлі-зайыптылардың Астана қаласы әкімінің аудандық аппаратына қатысты материалдық және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талап қоюшылар кәмелетке толмаған баланың әкімдік балансындағы футбол алаңында болған кезінде сапасыз құрылғылардың салдарынан дене жарақатын алғанына, осының салдарынан оған ота жасалғанын айтқан. Алайда аудан әкімдігі ата-аналардың өздері баланың өмірі мен денсаулығына жауапты екенін алға тартып, талап қоюды мойындамады.

Сарапшының қорытындысы бойынша баланың денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілгені анықталды.

Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден әрбір талапкердің пайдасына 250 мың теңгеден моральдық зиян өтелді, – делінген сот хабарламасында.

Тараптармен сот шешімі дауланбады және заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама