Соңғы қоңырау: Нұр-Сұлтанда 100-ге жуық жасөспірім полицияға жеткізілді

Қымбат Елтайқызы

Елімізде түлектердің бірнеше рет заң бұзғаны, оның ішінде жол апатына ұшырағаны да белгілі

фото: Halyq Uni

Астанада соңғы қоңырауды атап өткен 96 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

«Елорда аумағында «соңғы қоңырау» іс-шарасы өтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа, олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнде ойын-сауық мекемелерінде, үйден тыс жерлерде болуына, сондай-ақ қоғамға қарсы іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында жергілікті рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Тәртіп сақшылары аулалар, саябақтар, скверлер, басқа да жастар шоғырланған жерлерді тексерді», – дейді департамент.

Тексеру барысында сағат 00.56 шамасында Сарыарқа ауданының ювеналды полиция қызметкерлері Бабатайұлы көшесіндегі жеке тұрғын үйді анықтады. Онда шамамен 10 адам болған. Олардың ішінде 7-еуі кәмелетке толмаған мектеп бітіруші түлектер екені белгілі болды. Мән-жайды анықтау үшін барлық көңіл көтеруші полиция басқармасына жеткізілді. Олар 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер болып шықты. Жастар үйді бір тәулікке жалға алып, мектеп бітіруін атап өткен. Басқармаға кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері де шақырылды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Балалардың түнде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін олар әкімшілік жауапқа тартылды.

Сақшылар кәмелеттік жасқа толмағандарға түнде ойын-сауық мекемелерінде сағат 22:00-ден сағат 6:00-ге дейін, ал заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде сағат 23:00-ден сағат 6:00-ге дейін болуға тыйым салынғанын еске салады, – делінген ақпаратта.

Маңғыстауда 100-ге жуық мектеп түлегі жауапқа тартылды. Маңғыстауда мектеп түлектері жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Тараздық түлек мінген Lexus каналға түсіп кеткен. Ақтауда тәртіп бұзған түлектер видеоға түсіп қалды. Түркістан облысында көлік терезесінен шығып алған мектеп түлектері анықталды.