×

Тараздық түлек мінген Lexus каналға түсіп кеткен

Тізгінде 17 жастағы оқушы болған

 Халық үні 26.05.2022 | 06:25
Фото: видеодан скриншот

Кеше, 25 мамыр күні Тараздағы Тәуке хан көшесінде орналасқан «Қазақ хандығы» монументінің маңында Lexus көлігі каналға түсіп кеткен. Тізгінде 17 жастағы оқушы болған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сақтандыру полисіне сәйкес автокөлік құралын жүргізген 21 жастағы Lexus жүргізушісі таныс түлектермен бірге «Қазақ хандығы» монументіне келген.

Жүргізуші шаруасымен жүргенде оның 17 жастағы жолаушысы өз еркімен көлікті тізгіндеген. Осы кезде жас жігіт тежегіш пен газ педальдарын шатастырып алып, тізгінге ие бола алмай қалған. Сөйтіп, «темір тұлпар» каналға түсіп кеткен. Абырой болғанда, түлек зардап шеккен жоқ.

Осы құқықбұзушылық үшін кәмелетке толмаған оқушы ата-анасының қатысуында ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі («Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның басқаруы») бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Түлектің ата-анасына 20 АЕК (63 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20