×

Ақтауда тәртіп бұзған түлектер видеоға түсіп қалды

Түлектер көлік терезесінен бастарын шығарған

 Халық үні 26.05.2022 | 05:00
Фото: tengrinews.kz

Түлектер мінген көліктер қала көшесінде қауіпті трюктер жасаған. Сонымен қатар, кадрларда мектеп бітірушілердің көліктің терезелерінен бастарын шығарып, айқайлап жүргенін байқауға болады. Сөйтіп, өзге жүргізушілердің мазасын алған. Осы тұрғыдағы видеолар Ақтау қаласының бірнеше жерінде түсірілген.

Куәгерлер жеңіл және жүрдек көліктердің жол ережесін өрескел бұзған сәтін түсіріп алған. Кадрларда көліктердің мемлекеттік нөмірі анық көрінеді. Қазіргі уақытта көлік терезесіне шығып, көк лента бұлғаған мектеп бітірушілерді полиция іздеп жатыр. Жол қозғалысына қауіп төндіргендер әкімшілік жауапқа тартылады дейді құқық қорғаушылар.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл 170 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 8139 түлек «Алтын белгіге» үміткер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20